Әлемге әйгілі «Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіледі

Әлемге әйгілі «Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіледі
Сурет: Ашық дереккөз

2022 жылы 345 сағаттық өнім қазақ тілінде сөйлей бастады

Биылдан бастап балаларға арналған әлемге танымал «Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік тілдегі балалар контентін дамыту мақсатында 2021 жылдан бері «Nickelodeon» балалар телеарнасының өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске асырылып жатыр. 2021 жылы «Nickelodeon» телеарнасының 465 сағаттық мазмұны аударылса, 2022 жылы 345 сағаттық өнім қазақ тілінде сөйлей бастады», - делінген хабарламада.