Әлемге әйгілі McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты

Әлемге әйгілі McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты
Сурет: Daily.afisha.ru

Техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейді. 

Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

McDonald's желісінің Instagram-парақшасында мейрамханалар қазір жұмыс істемейтіні туралы ақпарат расталды.

«McDonald's мейрамханалары техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейді. Мейрамханалардың қашан жұмыс істейтінін хабарлаймыз», - делінген компанияның ресми хабарламасында.