Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінен 560 журналист хабар таратады

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінен 560 журналист хабар таратады
Сурет: Ortcom.kz

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII (жетінші) съезі кезінде журналистер хабар таратуы үшін екі баспасөз орталығы дайын.

Оның біреуі - Тәуелсіздік сарайында болса, екіншісі - Конгресс орталығында. Онда журналистердің жұмыс істеуіне керекті жабдықтар мен жылдам интернет орнатылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараға 560 журналист тіркелген. Оның 153-і CNN, BBC, әл-Жазира, Bloomberg сынды халқаралық ақпарат агенттіктерінде жұмыс істейді, 81 журналист Ватиканнан келеді.