Әлемдік сұраныстағы 100 оқулық қазақ тіліне аударылды

Әлемдік сұраныстағы 100 оқулық қазақ тіліне аударылды
Сурет: Aqmeshit-zhastary.kz

Бұған қоса 700-ге жуық онлайн курс та тәржімаланған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстандағы кітапханалар әлемдегі үздік ғылыми еңбектермен толықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, ведомство алдында оқулықтарды электронды форматқа көшірудің ауқымды міндеті тұр.

«Мәселе ішінара шешілді. Университеттердегі кітапханалардың басым бөлігі цифрландырылды. Сондай-ақ Coursera (компаниясымен) Қазақстанда жоқ білім беру платформасының 654 үздік курсын қазақ тіліне аудару туралы келістік», - деді Саясат Нұрбек.