Әлемдегі ең кәрі жануар 190 жасқа толды

Әлемдегі ең кәрі жануар 190 жасқа толды
Сурет: 24.kz

Джонатан есімді тасбақа Әулие Елена аралына 1882 жылы сыйға тартылған.

Ол құрлықтағы ең кәрі жануар болып есептеледі. Осындай танымалдылыққа ие болған тасбақа Гиннестің рекордтар кітабына да енген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке  сілтеме жасап. 

Қартайғандықтан Джонатанның денсаулығы сыр беріп жүр. Қазір ол иіс сезбейді. Оның үстіне, көздері де көрмейді. 190 жасқа толған жануардың туған күні аралда 3 күн бойы тойланбақ. Губернатордың үйінде өтетін думанға онда тұратын барлық адам жиналады деп күтілуде. Джонатанға сыйлық ретінде тасбақа пішініндегі торт пісіріліп, оның өмірі жайлы анимациялық ролик көрсетілетін болады.