Әлемде соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 420 493 адамға өсті

Әлемде соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 420 493 адамға өсті
сурет: Tengrinews.kz

Бүгін, 8 шілдеде әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 558 807 314 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 420 493 адамға өсті. 

«Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 369 444 адамды құрайды, сонымен қатар бүгінде 813 өлім дерегі тіркелді. 2022 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 532 264 317 адам вирустан толық сауығып шықты», - деп жазды комиссия.