Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты

Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты
сурет: Strategy2050.kz

5 шілдеде әлемде коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 555 339 003-ке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. 

«Соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 392 985 адамға өсті. Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 362 674 адамды құрайды, сонымен қатар бүгін 525 өлім дерегі тіркелді», - деп жазды ақпарат көзі. 

5 шілдедегі жағдай бойынша 530 103 542 адам вирустан толық сауығып шықты.