Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 374 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 374 миллионнан асты Сурет: World Health Organization

COVID-19 инфекциясы әлемде тарала бастағаннан бері 5 664 012 адам қайтыс болды.


Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, дүйсенбі күні таңертең әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тіркелген жағдайларының саны 374 701 198-ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz INTERFAX.RU сайтына сілтеме жасап.


Инфекция жұқтыру саны 20 миллионнан астам болған елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.


Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша бұрынғыша АҚШ көш бастап келеді, онда COVID-19 жұқтырғандар саны 74 333 001, қайтыс болғандар саны 884 260 болды.


Үндістан індет жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайлардың саны 41 302 440-қа жетті, ал вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны - 495 050.


COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 25 360 647 адам жұқтырған, оның 627 150-і қайтыс болған.


Әлемдегі басты оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметі бойынша, дүйсенбі күні таңертең жер шарындағы 1 миллион адамға шаққанда өлім көрсеткіші 728,9-ды құрады. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 2716 адам, Үндістанда 353, Бразилияда 2917 адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет