Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 403 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 403 миллионнан асты
Сурет: Gazeta.ru

5 777 224 адам қайтыс болған.

Бейсенбі күні американдық Джонс Хопкинс университеті берген мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 403 221 443-ке жеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

COVID-19 инфекциясы әлемде тарала бастағаннан бері 5 777 224 адам қайтыс болған. 

20 миллионнан астам инфекциясы бар елдер қатарында АҚШ, Үндістан және Бразилия бар. 

Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ алда келеді, онда COVID-19 жұқтырғандар саны 77 265 134, қайтыс болғандар саны 912 252  адамға жеткен. 

Үндістан жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 42 478 060-қа жетті, ал вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 506 520 адамды құрайды. 

COVID-19 вирусы бар адамдарының саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр. Онда 26 972 914 адам КВИ жұқтырған, оның 635 421-і қайтыс болған. 

Worldometer порталының мәліметі бойынша, бейсенбі күні таңертең жер шарындағы 1 миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 743,6 болды. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 2801 адам, Үндістанда 361 адам, Бразилияда 2955 адам қайтыс болды.