Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 374 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 374 миллионнан асты
Сурет: 24.kz

COVID-19 инфекциясы тарала бастағаннан бері 5 664 012 адам осы індеттен қайтыс болды.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, дүйсенбі күні таңертең әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тіркелген жағдайларының саны 374 701 198-ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz INTERFAX.RU сайтына сілтеме жасап.

20 миллионнан астам тұрғыны COVID-19 жұқтырған елдердің қатарында АҚШ, Үндістан және Бразилия бар.

Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр, онда COVID-19 жұқтырғандар саны 74 333 001, қайтыс болғандар саны 884 260 адам болды.

Үндістан инфекция жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 41 302 440-қа жетті, ал вирус инфекциясының әсерінен қайтыс болғандар саны 495 050 адам.

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 25 360 647 адам жұқтырған, оның 627 150-і қайтыс болған.

Әлемдегі басты оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметі бойынша, дүйсенбі күні таңертең жер шарындағы 1 миллион адамға шаққанда өлім көрсеткіші 728,9-ды құрады. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 2716 адам, Үндістанда 353, Бразилияда 2917 адам қайтыс болды.