Әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 9 пайызға азайды

Әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 9 пайызға азайды
сурет: Inform.kz

COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 15%-ға азайды

2022 жылғы 15-21 тамыз аралығында бүкіл әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 9%-ға азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар, соңғы жеті күнде 5,3 миллионнан астам жаңа жағдай тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 15%-ға азайды.

«Осылайша, бүкіл әлемде 14 мыңнан астам адам қайтыс болды. 2022 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша бүкіл әлемде коронавирустың 593 миллион расталған жағдайы тіркелді және 6,4 миллион адам қайтыс болды», -  деп атап өтті ДДСҰ-дан.