Әлемде COVID-19 ауруын жұқтыру саны төмендеді

Әлемде COVID-19 ауруын жұқтыру саны төмендеді
Сурет: 24.kz

Соңғы аптада инфекция жұқтырғандар саны 16%-ға қысқарған.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетеніне сәйкес, әлемде COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші екінші апта қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Соңғы аптада инфекция жұқтырғандар саны 16%-ға, ал қайтыс болғандар  43%-ға қысқарған. 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында коронавируспен ауру әлемнің барлық аймақтарында төмендеді. Бір апта ішінде әлемде 9 миллионнан астам COVID-19 оқиғасы анықталды.

Сондай-ақ барлық аймақта коронавирустан қайтыс болғандар саны төмендеді. Бір аптада әлемде COVID-19 инфекциясынан 26 мыңнан астам адам қайтыс болғаны тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейбір елдердің COVID-19 үшін тестілеу тактикасын біртіндеп өзгертетінін ескере отырып, бұл жүргізілген сынақтардың жалпы санының азаюына, демек, анықталатын жағдайлардың да азаятынын ескертеді.

Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 489 миллионға жуық жағдайы анықталып, соның салдарынан 6 миллионнан астам қайтыс болған.