Әлемде бір тәулікте 167 мың адам коронавирус жұқтырған

Әлемде бір тәулікте 167 мың адам коронавирус жұқтырған
Сурет: Ашық дереккөз

Сонымен қатар бір күнде 321 өлім тіркелді

2022 жылдың 27 маусымында әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 549 млн жағдайы тіркелді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 167 424 адамға өсті. Әлемде коронавирус инфекциясынан 6 351 017 адам көз жұмды. Сонымен қатар бір күнде 321 өлім тіркелді. Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары 27 маусымда әлем бойынша 524 120 020 адам,-делінген хабарламада.