Әлемде 470 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырған

Әлемде 470 миллионнан астам адам COVID-19  жұқтырған
Сурет: 3dnews.ru

Алты миллионнан астам адам көз жұмған.

Коронавирустық инфекциялар санының күрт өсу қаупі әлемде вакцинаның кең таралуына қол жеткізілмейінше сақталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылдың ортасына қарай барлық елдерде вакцинация деңгейін 70 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр, - деді ол.

Әзірге Азия мен Еуропада кең таралған індеттерге байланысты COVID-19 жағдайларының өсуі жалғасуда.

Сондай-ақ, ол қазір бірнеше елдер «пандемия басталғаннан бері барлық уақыттағы ең жоғары өлім-жітім деңгейімен» бетпе-бет келгенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, осы аптада әлемде 470 839 745 адам коронавирус жұқтырған, оның 6 092 933-і қайтыс болған.