Әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті

Әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті
Сурет: Nur.kz

Өткен жылы халық саны 7 миллиард болған.

2022 жылдың 15 қарашасында әлем халқының саны 8 миллиард адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған статистикалық сайттың онлайн есептегішінің мәліметтері дәлел.

Мысалы, worldometers.info сайтының мәліметінше, 15 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де жер бетіндегі халық саны 8 000 000 002-ден басталады.

15 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 қарашаға дейін 8 миллиардқа жетеді деп болжаған еді. Болжам дәл келді.

Әлем халқының саны 19 ғасырдың басында алғашқы миллиардқа жетті. 120 жылдан кейін ғана жердегілердің саны екі есе өсті.

Ғаламшарда өмір сүретін адамдар санының негізгі өсуі 20 ғасырда болды. Өлім-жітімнің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы аясында халық саны 1,6 миллиардтан 6 миллиардқа дейін өсті.