Әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсеткен Иран шахматшысы Испанияға қашуға мәжбүр

Әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсеткен Иран шахматшысы Испанияға қашуға мәжбүр
Сурет: Svoboda.org

Ол - 2012 жылдан бері әлемдегі ең перспективалы ирандық шахматшылардың бірі.

25 жастағы Сарасадат Хадемальшарьех биыл 25-30 желтоқсанда Алматыда өткен ФИДЕ блиц-шахматтан әлем чемпионатына қатысқаннан кейін Испанияға көшуге мәжбүр, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

Спортшы хиджаб деп аталатын дәстүрлі орамалсыз ойнаған. Мұсылман орамалының болмауы заңбұзушылық және оны Иран режимі наразылықты қолдау деп есептейді.

Спортшы Ирандағы отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы, себебі бірнеше суретке хиджабсыз түскен. EL PAÍS дереккөзіне сәйкес, шахматшы отбасының Испанияда пәтері бар.