Әлем чемпионатында Германия құрамасына айыппұл салынды

Әлем чемпионатында Германия құрамасына айыппұл салынды
Сурет: Egemen.kz

 Германия футбол қауымдастығы (DFB) Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының ережелерін сақтамаған.

2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турындағы Испания – Германия матчы алдында ресми баспасөз мәслихатына Германия құрамасының бас бапкері Ханси Флик жалғыз келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Регламент бойынша онымен бірге бір футболшы келуі керек еді. Германия құрамасының базасы матч алдындағы баспасөз мәслихаты өткен Дохадан 100 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан маңызды ойын қарсаңында Флик ойыншылардың ешқайсысын алаңдатқысы келмеген.

Нәтижесінде FIFA Германия футбол федерациясына он мың швейцариялық франк (шамамен 10,1 мың еуро) айыппұл салды, сонымен қатар ескерту жасады.

Әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турында Германия құрамасы 1 желтоқсан күні Коста-Рика құрамасымен ойнайды.