Әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен финалға жолдама алды

Әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен финалға жолдама алды
Сурет: olympic.kz

Жәмила румыниялық Александра Ангелмен шеберлік байқасты

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі додада 72 келі салмақта бақ сынаған Жәмила румыниялық Александра Ангелмен шеберлік байқасты.

Нәтижесінде қарсыласын 12:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Ол ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы айқын басымдықпен жеңген болатын.
Жәмила Бақбергенова 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Ересектер арасында 2021 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Айта кетсек, бүгін еліміздің құрама сапынан Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі), Мәдина Бақбергенова (68 келі) боз кілемге шығып, қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Еске салсақ, бұдан бұрын грек-рим күресінен қазақстандық Айдос Сұлтанғали екінші мәрте қола жүлдегер атанды.