Әлем чемпионаты: Тағы бір «қола» қоржынға түсті

Әлем чемпионаты: Тағы бір «қола» қоржынға түсті
Cурет: Prosports.kz

Қазақ қыздары төртінші қоланы жеңіп алды

Қазақстандық Дина Жоламан Ыстамбұлда өтіп жатқан бокстан 2022 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандыққа Румыния Лакрамиоара Перихоч қарсыласты. Жекпе-жек 4:1 есебімен қарсылас пайдасына шешілді.

Осылайша, Дина Жоламан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші қола жүлдегері атанды.