Әлем чемпионаты: қазақстандық әйелдердің алғашқы қарсыластары анықталды

Әлем чемпионаты: қазақстандық әйелдердің алғашқы қарсыластары анықталды
Сурет: Inform.kz

 Ыстанбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтетін бокстан 2022 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып Валентина Хальзова шығады. Ол 9 мамыр күні кениялық Лорна Куса Симбимен кездеседі.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы жекпе-жегінің кестесі:

9 мамыр

Кешкі сессия

70 келі. Валентина Хальзова — Лорна Куса Симби (Кения)

10 мамыр

Кешкі сессия

48 келі. Алуа Балқыбекова — Приянка Диллон (Канада)

11 мамыр

Күндізгі сессия

52 келі. Жайна Шекербекова — Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико)

57 келі. Карина Ибрагимова — Клаудия Нечита (Румыния) / Сабина Суч (Венгрия)

63 келі. Аида Әбікеева — Имане Хелиф (Алжир)

Кешкі сессия

75 келі. Надежда Рябец — Бушра Ишилдар (Түркия)

12 мамыр

Күндізгі сессия

50 келі. Назым Қызайбай — Ингрит Валенсия (Колумбия)

54 келі. Дина Жоламан — Мария Мадуэньо Конде (Испания)

60 келі. Римма Волосенко — Шона Уитуэлл (Англия)

Кешкі сессия

66 келі. Дариға Шәкімова — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

13 мамыр

Кешкі сессия

81 келі. Гүлсая Ержан — Олеся Крысюк (Украина)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева — Шеннур Демир (Түркия).

Айта кетейік, Ыстанбұлдағы Әлем чемпионаты бүгін басталды. Финалдық кезең 19-20 мамырда өтеді.