Әлем бойынша медицина саласында 43 млн-нан астам қызметкер жетіспейді

Әлем бойынша медицина саласында 43 млн-нан астам қызметкер жетіспейді
Сурет: Dauletten.kz

Зе Лансет (The Lancet) журналы жүргізген зерттеу қорытындысы осындай.

Зерттеу авторларының айтуынша, кадр тапшылығы мәселесі әсіресе Оңтүстік Азия елдерінде өткір тұр. Аталған аймақта 2,5 млн дәрігер жетіспейді екен. Мұның бәрі климаттық дағдарыс пен әлемді жайлаған түрлі аурулармен байланысты екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Климаттың өзгеруі әлем бойынша тырысқақ және денге ауруларының өршуіне әкелуде. Жаңа патогендердің пайда болу қаупі артып жатыр. Сонымен қатар одан азық-түлік дағдарысы да белең алып барады. Сәйкесінше, тойып тамақ ішпейтін азаматтың ауруға шалдығу немесе көз жұму ықтималдылығы жоғарылайды. Сондықтан климаттық дағдарысты денсаулық сақтау саласындағы дағдарыспен байланыстыруға болады», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Өз кезегінде сарапшылар дәл қазір әлемде 6 млн дәрігер мен 30 млн медбике керегін айтады. «Бұдан бөлек, 3 млн тіс дәрігері, тағы осыншама фармецевт қажет», – дейді олар. Осыған байланысты мамандар ел үкіметтерін аталған мәселеге баса назар аударып, оны шешу жолдарын қарастыруға шақырады.