Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 460 миллионға жетті

Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 460 миллионға жетті
Сурет: Vgr.by

Жаһандық иммунитет пайда болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия басталғаннан бергі барлық уақытта COVID-19 вирусы бойынша статистиканы жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Әлемде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 460 миллионға жетті, аурудың салдарынан 6 миллионнан астам адам қайтыс болды. ДДҰ санағында тек ресми расталған ақпарат есепке алынады.

Инфекциялардың саны азайып бара жатқандықтан, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюгер «омикрон» штамы Еуропадағы коронавирустық пандемияны тоқтатуы мүмкін деген болжам айтты.

Оның айтуынша, қолданылатын вакциналардың арқасында, КВИ-мен ауырып, сауығудың нәтижесінде немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты дамитын жаһандық иммунитет пайда болуы мүмкін.