Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны төрт есеге азайды

Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны төрт есеге азайды
Cурет: Inform.kz

Өткен аптамен салыстырғанда әлем бойынша COVID-19 ауруының саны төрт есе азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. 
15 - 21 мамыр аралығында 5,7 миллионнан астам адамнан инфекция анықталса, 22 – 28 күні аралығында бұл меже шамамен 1,4 миллионға жеткен. Сондай-ақ, COVID-19-дан көз жұмған адамдардың саны күрт төмендеді. Соңғы аптада 10,5 мың адам инфекцияның құрбаны болды, бұл өткен аптамен салыстырғанда екі есе аз. Америка Құрама Штаттары үшінші аптада әлемде COVID-19 ауруы бойынша бірінші орында тұр. Соңғы жеті күнде елде 600 мыңға жуық жаңа жағдай анықталды (өткен аптамен салыстырғанда + 30 мың жағдай). Ресейде тәулігіне 4 188 коронавирусты жұқтыру жағдайы анықталды. Бұл өткен күнмен (4 556 жағдай) салыстырғанда 8.79%-ға төмен. Тәулігіне 1 001 науқас емделіп жатыр, бұл алдыңғы көрсеткішпен (2 106 жағдай) салыстырғанда 52,5%-ға төмен. Сонымен қатар, бір күнде 4 411 адам сауығып, өткен күнмен (5 844 жағдай) салыстырғанда, көрсеткіштің әлдеқайда төмендегені байқалады, яғни 24,5%-ға, деп хабарлады COVID-19-ға қарсы федералды жедел штабы. Тәулігіне коронавирустан көз жұмған адамдардың саны - 85, бұл алдыңғы көрсеткішпен (86 жағдай) салыстырғанда бір адамға аз. Қайтыс болғандардың жалпы саны 378 955 жетті. Коронавирустан ең көп қайтыс болғандар саны Санкт-Петербург (12 жағдай) пен Мәскеу қалаларында (11 жағдай) тіркелді.