«Әлем аруы-2021» титулы қай елдің сұлуына бұйырды?

«Әлем аруы-2021» титулы  қай елдің сұлуына бұйырды?
Сурет: Inform.kz

Польшалық Каролина Белявска «Әлем аруы – 2021» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды.

Бұл туралы конкурс сайты мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Байқауға түрлі елден 90-нан астам бойжеткен қатысты, соның ішінде Ирак пен Сомали да бар. Бұл екі ел «Әлем аруына» алғаш рет өз өкілдерін жіберіп отыр.

Финалға тек 40 қатысушы өтті. Бірінші вице-мисс титулына АҚШ-тан келген Шри Сайни ие болды. Кот-д'Ивуар өкілі Оливия Ясе екінші вице-мисс атанды.