Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады

Әл-Фараби даңғылында  жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады almaty-akshamy.kz

Қаладағы негізгі даңғылдардың бірінде көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек еді. Алайда жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


әл-Фараби даңғылындағы жолдың оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал солтүстік жағымен Достық даңғылынан Дулати даңғылына дейін асфальтбетон жабыны төселіп көлік қозғалысы ашылды. Соңғы бөлікті жөндеу жұмыстары ауа-райы қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын.


Ауа-райы қолайлы болған жағдайда 14 тамыз сағ.23:00-ден 16 тамыз 06:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының соңғы Дулати даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, уақытша көлік қозғалысы шектеледі


Жөндеу аумағын Торайғыров және Мұстафин көшелерінің бұрылыстары мен айналма жолдары арқылы айналып өтуге болады.


Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04