Әл-Фараби даңғылына жөндеу жұмыстары жүргізілмейді

Әл-Фараби даңғылына жөндеу жұмыстары жүргізілмейді
Сурет: Total.kz

Қала әкімі 2 млрд теңгенің қаладағы жолы сапасыз аудандарға қайта бөлінетінін айтты

Ерболат Досаев Алматыда халық санының өсуі мен жоғары маятниктік көші-қон аясында көлік, әлеуметтік, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды дамыту мәселесі ерекше өткір тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме 

Жаңа Алматыны кешенді дамыту жоспары аясында кемінде 100 шақырым жаңа жол салынады.

«Әл-Фараби даңғылының Үлкен Алматы айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аралықтағы аумағын орташа жөндеуге жоспарланған 2 миллиард теңгені қаладағы сапалы жолы жоқ немесе жол төсеніші сапасыз аудандардың жол құрылысына қайта бөлу туралы шешім қабылдағанымды мәлімдеймін. Резервтерді іздестіру жұмыстары жалғасады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.  

2022 жылы қаладағы 2 жол айрығындағы және Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталады.

«Осы жылдың мамыр айында жоспарланып отырған 2 метростанциясының іске қосылуы жолаушылар ағынын күнделікті 30-дан 86 мың адамға дейін арттырады», - деді шаһар басшысы.