әл-Фараби даңғылын жөндеу кезінде жол қозғалысы қалай ұйымдастырылады

әл-Фараби даңғылын жөндеу  кезінде жол қозғалысы қалай  ұйымдастырылады Almaty-akshamy.kz

әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында ШААЖ-нан Сейфуллин даңғылына дейін жол жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша нақтылау


әл-Фараби даңғылының ШААЖ-нан Сейфуллин даңғылына дейінгі аумақты орташа жөндеуден өткізу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысын арттыру үшін келесі шаралар қолданылады:


- 22 шілде сағ: 23:00-ден 24 шілде 07:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағында полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі;


- 23 шілде 07:00-ден 00:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен ШААЖ-нан (Жарбұлақ өзені маңы) Марков көшесіне дейін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Даңғыл бойынша шығыс және батыс бағыттағы көлік жолағының санын қалыптасқан көлік жағдайына қарай патрульдік полиция қызметкерлері анықтайды;


- қараңғы уақытта жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін 24 шілде сағ. 00:00-ден 07:00 аралығында даңғыл бойынша батыс бағытта (ШААЖ-нан) көлік қозғалысы толығымен шектеледі;


- 22 шілде 23:00-ден 24 шілде 07:00 аралығында Достық, Назарбаев даңғылдарынан, Меңдіқұлов бульварынан, Батыс Желтоқсан көшесінен әл-Фараби даңғылына бұрылыстар батыс бағытта жабық болады. Жөндеу жұмыстарын Достық, Сейфуллин даңғылдарымен және Сәтбаев көшесімен айналып өтуге болады.


- ШААЖ-нан Достық даңғылына бұрылатын жол ашық болады.


Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді.  


Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат (https://t.me/AlmatyJoly/118) мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17