Әл-Фараби даңғылын орташа жөндеу жоспарға сәйкес жүріп жатыр

Әл-Фараби даңғылын орташа жөндеу жоспарға сәйкес жүріп жатыр Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы әл-Фараби даңғылын орташа жөндеу жоспарға сәйкес жүріп жатыр: Сейфуллин даңғылына бұрылатын жол жөнделеді


Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді және жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды – қозғалыс ашық. Солтүстік жағында Достық даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін жөндеу аяқталып, көлік қозғалысы ашылды.


Келесі кезең - әл-Фараби даңғылынан солтүстік бағытта Сейфуллин даңғылына бұрылыс.


Аталған учаскені жөндеу жұмыстары 25 шілде сағат 23:00-ден 27 шілде сағат 07:00-ге дейін жүргізіледі.


Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.


Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04