Әкімдердің орташа жасы есептелді

Әкімдердің орташа жасы есептелді
Сурет: ТоболИнфо

Бұл мәліметті Ranking талдау агенттігі жариялады.

Биыл, 21 шілдедегі ақпарат бойынша, өңір әкімдерінің орташа жасы 52,2 жасты құрап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ең жасы үлкен әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарады, ол Даниал Ахметов. Әкім 68,1 жаста. Оның облысты басқару өтілі - жеті жыл және жеті ай (ең ұзақ мерзім). Өңір басшысы қызметіне 60 жасында тағайындалған.

Одан кейін жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас).

Өңір әкімдерінің ең жасы – Мұрат Әйтенов (40,7 жас), республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Ол бұл қызметке 38 жасында келді, қаланы екі жарым жылдан бері басқаруда.

Сондай-ақ жас әкімдердің арасында Атырау облысының басшысы Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жас) бар.