Әкемтеатрда – МУЗЕЙ ТҮНІ

Әкемтеатрда – МУЗЕЙ ТҮНІ
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Шара аясында «Екеуміз» драмасы қойылады.

М.Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында  2023 жылдың 18 мамыр  күні Ұлттық театр музейіне 55 жыл толуына орай  МУЗЕЙ ТҮНІ  шарасы  өтеді, деп хабарлайды Amaty-akshamy.kz.

Мәдени шараның мақсаты –  қазақ өнерінің қара шаңырағы, ғасырға жуық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры  музейінің 55 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Музей түні» іс-шарасы қарсаңында  қара шаңырақтың өнер белестерін,  белгілі өнер тұлғаларының майлы бояумен салынған портреттерін, әртүрлі қойылымдарда киген ірі тұлғалардың тері сіңген сахналық киімдерін, марапаттарын, медальдарын, алғыс хаттарын, қолданған бұйымдарын, әр спектакльдерден түсірілген суреттерін, баспасөз басылымдарына шыққан  мақалаларын, зерттеулерін, эсселер мен очерктерін, т.б. жинақталған құнды жәдігерлермен өнер сүйер қауым мен  өскелең ұрпақтарға таныстыру.

  • Сағат 16.30-да «Театр және музей: қазіргі таңдағы театр музейлерінің өзекті мәсеслелері» атты дөңгелек үстел (Алматы қаласындағы мемлекеттік музей қызметкерлері, театртанушылардың қатысуымен).
  • Сағат 18.30-да О.Жанайдаровтың «Екеуміз» драмасы қойылады. Режиссері – Н.Дубс.
  • Сағат 20.30-да театр музей қорынан сұрыпталып алынған 55 жылдыққа орай 55 тұлғаның портреттері ілінген көрменің ашылу салтанаты өтеді (осы кеште белгілі артистердің қатысуымен  театрландырылған қойылымдардан үзінділер қойылып, ғасырға жуық сақталған  сахналық киімдердің шеруі өтіп,   танымал әншілердің орындауында әндер шырқалып, театр тарихынан сыр шертетін деректі фильмдер көрсетіледі).