Әділетті Жаңа Қазақстан құру үшін Ата заңға өзгеріс енгізу керек – Кенжехан Матыжанов

Әділетті Жаңа Қазақстан құру үшін Ата заңға өзгеріс енгізу керек – Кенжехан Матыжанов
Сурет: Inform.kz

М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжановтың айтуынша, өркениетті елдерде өзекті мәселелерді референдумда шешу тәсілі қолданыста бар. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Өркениетті елдерде халықтың үнін, пікірін, мүддесін есепке алу үшін өзекті мәселелерді референдумда шешу тәсілі бар. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені көптен бері көтеріп келеді. Президент Қаңтар оқиғасынан кейінгі кезеңдегі өз сөзінде Жаңа Қазақстанды құру және Жаңа Қазақстан қандай болады деген мәселеге қатысты ойын ашық айтып жүр. Әділетті Жаңа Қазақстан құру үшін Ата заңға өзгеріс енгізу керек.  Қазақстанда халық мүддесін қолдайтын, халықтың үніне құлақ асатын, Президенттік және Парламенттік, сонымен қоса есеп беретін Үкіметі бар жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасады деген ойдамыз», – деді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.