Ә. Смайылов "Азаматтардың банкроттығы туралы" заң жобасын бір аптада Үкіметке енгізуді тапсырды

Ә. Смайылов "Азаматтардың банкроттығы туралы" заң жобасын бір аптада Үкіметке енгізуді тапсырды
inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған. Үкімет басшысы заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.