Адамның күні – адаммен

«Көмек керуені» еріктілер жобасы шеңберінде ниет, тілек біріктіріп жүрген волонтерлар атқарған істер аз емес.

Олар Алматы қаласы әкімдігінің және түрлі қайырымдылық қорларының қолдауымен талай жанға, талай отбасыға есепсіз, қайтарымсыз көмек көрсетіп келеді. Мәселен, «Мейірімділік лигасы» жеке қорының өкілдері әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін ешбір мерекесіз-ақ табыстауды, көмектесуді дәстүрге айналдырған. Жыл басынан бері олар 30-ға жуық отбасын қуантқан. «Игіліктің бастауы» қайырымдылық қорының еріктілері күнделікті тұтынуға аса қажетті азық-түлік жиынтығымен бірге, алысқа ұзап шыға алмайтын егде кісілердің үйлеріне ыстық тамақ жеткізіп беріп жүр. Мәселен, олар 65 отбасына көмек қолын созған. «Tez Co Trade» түрік фирмасының қолдауымен аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілген. «TEMA RETAIL KZ» ЖШС мен «Отбасының жылуы» қайырымдылық жобасы аясында 51 отбасына (235 адам) киімдер мен аяқкиімдер ұсынылған. Мемлекеттік активтер басқармасымен бірлесіп Алматы қаласындағы 8 ауданның тұрмысы төмен отбасыларына киім-кешек (362 мың дана) берілген. Сондай-ақ, аз қамтылған көпбалалы отбасында өсіп келе жатқан 5 бала демеушілердің қолдауымен каратэ секциясына тегін барып жүр.

Адамның күні – адаммен. Әсіресе, былтыр басталған пандемия кезінде біздің бір-бірімізге деген құрметіміз, ықылас-пейіліміз және адамгершілігіміз сынға түскені баршаға аян. Сол сәтте көмекке еріктілер де келді. Олар да алып күш екенін байқатты. Еш ақысыз, жүрекпен қызмет етті.

Иә, ерікті болу – ерлікпен тең. Дерек көздеріне сүйенсек, әлемде  1 млрд.-қа жуық адам ерікті екен. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Ал Қазақстанда волонтерлар саны 16 мыңның төңірегінде. 200-ден астам еріктілер ұйымы бар. Енді елімізде еріктілердің жұмысы еңбек өтілі болып есептеледі.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *