Адам саудасының жаңа нысандары дамып жатыр

Адам саудасының жаңа нысандары дамып жатыр Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандықтар құлдықтың қандай түрлеріне жиі ұшырайтыны айтылды


Бұл туралы Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.



«Адам саудасы деген базарға барып, әйелді, қызды немесе ер баланы сатып алу емес, бұл құлдықтың заманауи түрлері. Еңбек пен жұмыс арқылы қанау, сексуалды қанау, адамның дене мүшелері мен ұлпаларын алып қою немесе біздің қыз-келіншектерді еркінен тыс сурогатты ана ретінде пайдаланып, баласын алып қою немесе оларды басқа адамға бақтыру», - деді ол.



Тастемір Әбішев адам саудасы әлемдегі заңсыз табыстардың ішінде заңсыз қару саудалау мен есірткі саудасынан кейінгі үшінші орында екенін атап өтті. Осы орайда адам саудасына, яғни құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы күрес жөніндегі бөлек заң қазіргі уақытта әзірленіп жатқанын және 2023 жылы қабылданады деп үміттенетінін айтты. Бұл бастаманы «Сана сезiм» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова да қолдады. 



«Жыл сайын адам саудасының жаңа нысандары дамып келеді. Олармен күресу және алдын алу жұмыстарын жүргізуді жалғастыру керек. Қазір ғаламторды адам саудасы мақсатында қолдану, онлайн порнография қызметін көрсету, вебкам студиялар белсендігі артты. Үкімет тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін адам саудасының құрбандарын қорғау мәселелері әлі де өзекті болып отыр. Оған әйелдер мен балалар ғана емес, құжатсыз азаматтар, босқындар, азаматтығы жоқ тұлғалар да жатады», - деді ол.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56