Адам саудасымен күресетін уәкілетті орган ретінде екі бірдей министрлік бекітілуі мүмкін

Адам саудасымен күресетін уәкілетті орган ретінде екі бірдей министрлік бекітілуі мүмкін Сурет: Otyrar.kz

Ішкі істер министрлігі «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр.


Заң деңгейінде алғаш рет Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігі адам саудасымен күресетін уәкілетті орган болып бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Соның негізінде уәкілетті органдардың функциялары нақты бекітіледі. Қалған 12 мемлекеттік орган мен әкімдіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың функциясы да нақтыланады», - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанада өтіп жатқан құқықтық форумда.



Оның мәліметі бойынша, Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құқықтық мәртебесі артпақ.



«Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссиялардың құқықтық мәртебесі бекітіледі. Оларға осы саладағы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал ету құзыреті беріледі. Олардың Үкімет деңгейінде ұсыныстары ескеріледі. Бұл нақты мерзімдер, орындаушылар және жауапкершілік деген сөз», - деді ведомство басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15