Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Саинмен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл  А. Саинмен кездесті gov.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Ластаев Бала құқықтары жөніндегі Омбудсман А. Саинмен кездесті


Омбудсмандар Артур Ластаев және Аружан Саин адам мен балалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Меморандум шеңберінде тараптар азаматтарды бірлескен қабылдаулар, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде мекемелер мен ұйымдарға бірлескен сапарларды ұйымдастыру кезінде тәжірибе және ақпарат алмасады.



«Адам құқықтарын, оның ішінде балаларды қорғау, оларға қатысты зорлық-зомбылықты жою Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің, үкіметтік емес сектордың және қоғамның бірлескен күш - жігері бізге осы маңызды бағытта қажетті нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне сенімдімін», - деді Ластаев.



Кездесу барысында тараптар Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау мен ілгерілетуді қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіру қажеттілігі туралы түсінікке қол жеткізді.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар балалардың денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуының, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, сондай-ақ алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын белгіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38