«Адал сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастады

«Адал сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастады
Сурет: Atr.kz

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Адал сайлау үшін» штабы жұмысын жандандырды.

Заңгерлер алдағы уақытта халыққа сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіреді. Саяси науқанға қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіп, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдерімен бірлесе жұмыс істейді. Айта кетейік, «Адал сайлау үшін» штабы өткен жылдың қыркүйек айында құрылған болатын.

«Біз осы сайлау заңын республиканың бүкіл өңірлерінде түсіндіреміз. БАҚ арқылы, тікелей кездесу арқылы, көбісі ЖОО-да, ауылдарға дейін шығып біз осындай заңды түсіндіру айналысамыз. Себебі заңды білмей, сайлауға барудың өзі дұрыс емес сияқты. Орталықта 7 штаб мүшесі жұмыс істейді, әр өңірде заңгерлерден пул құрғанбыз», - дейді «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай.