Адал ас адам өмірін жақсартады

Адал ас  адам өмірін жақсартады
infourok.ru

Алла Тағала харамға жоламау керектігін былайша ескерткен: «Ей, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!». Яғни ағзаға, ақыл-еске кері әсер етпейтін сансыз халал рызықтарды жеңдер деген. Ендеше, күнделікті өмірде харам мен халалды ажыратып, халал өнім тұтыну, күмәнді нәрселерден аулақ жүру әр мұсылман үшін маңызды болмақ.

Тақуа кісілердің бірі Әбу Бәкір бір әңгімесінде: «Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін маңайымдағы кісілерге қарап, кімнің адал ас, кімнің харам ас жегенін ажырата аламын», - депті. Сонда жанындағылар: «Ұстаз, оны қалай ажыратасыз?» - деп сұрағанда, былай деп түсіндірген екен: «Кімде- кім таң ата бос сөз, бөстекі әңгімеге салынса, әркімдерді сырттай жамандап, былапыт сөз айта бастаса, демек, оның бұл әрекеті харам ас жегендігінен туындауда деп түсінем. Ал егер кімде-кім таңертең тұрғаннан кейін әуелі Алла Тағаланы көп зікір етіп, тәухид кәлимасын айтып, өзіне кешірім тілесе, оның бұл әрекеті адал ас жегендігінен. Өйткені, халал да, харам да адамның күнделікті іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді». ХАЛАЛ АДАЛ АС адам өмірін жақсартады Алла Тағала харамға жоламау керектігін былайша ескерткен: «Ей, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!». Яғни ағзаға, ақыл-еске кері әсер етпейтін сансыз халал ризықтарды жеңдер деген. Ендеше, күнделікті өмірде харам мен халалды ажыратып, халал өнім тұтыну, күмәнді нәрселерден аулақ жүру әр мұсылман үшін маңызды болмақ.

Жалпы, қазақтың да ұрпағына жақсы тәрбие беріп, адамгершілік пен имандылықты жоғары қоюының өзі адал ас ішіп келгендігімізден екені анық. Адал асты қазақ бұрыннан білген. Бауыздайтын малын құбылаға қаратып, «бісміллә, аллаһу акпарын» айтып, сойған. Яғни әрбір істі бісмілләсыз бастамаған. Тіпті, астың бетін жауып қою, қол жумай тұрып ас әзірлеуге болмайтыны, ошақ басында орамал тартып жүру, т.б. қағидалардың барлығы отбасында қатаң қадағаланған. Жаңа түскен келіндерге де тазалық тәлімін үйреткен. Онымен қоса, тамақты оң қолмен жеу, тамақтан кейін бата жасау, жатып тамақ жемеу, нанды жерге тастамау, ыдысқа құйылған тамақты тауысу, дастархан басынан ас жиналмай жатып тұрып кетпеу, тамақтан бұрын және кейін қол жуу, үлкендерге құрмет көрсету секілді әдет-ғұрыптардың барлығына қатты көңіл бөлінген. Осыдан-ақ біздің ас адалдығына, тазалығына қаншалықты мән бергеніміз айқын аңғарылады.

Халал өнімдерді пайдаланудың артықшылығы туралы Құран аяттары мен көптеген хадистер бар, тіпті ол туралы «Інжілде» де жазылған. Мысалы: «Шынайы түрде сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ. Күдіксіз Алла өте Жарылқаушы, ерекше – Мейірімді». «...Ал оларға лас пұттардан, бұзақылықтан, өлексе мен қаннан аулақ болу және өздеріне қаламағанды басқаларға қолданбау өсиет етілді». «Ал доңыз, оның тұяғының ашасы айрық болса да, ол күйсемейді, ол сендерге адал емес; оның етін жемеңдер және өлексесіне жоламаңдар».

 Жалпы, харамға бойлау адамға материалдық әрі рухани тұрғыдан зиянын тигізеді. Мәселен, бір жұтым немесе бір шайнам харам ас адамның өмірінде адасуына сеп болуы мүмкін. Тіпті, балашағасының баянды болашағына кері әсерін тигізуі де ықтимал. Адам ішіпжейтін нәрселерінің діни тұрғыдан халал, таза болуына және тапқан табысында кісі ақысы болмауына баса мән беруі керек. Ақ адал маңдай термен табыс, пайда табу өте маңызды. Пайғамбарымыз даналыққа тұнған хадистерінің бірінде: «Кейбір күнәларға намаз да, ораза да, қажылық та өтем бола алмайды. Ондай күнәлар тек ақ адал маңдай термен табыс табу үшін еңбектенгенде ғана кешіріліп, тазалануы мүмкін» деген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басқа бір хадисінде: «Харамнан сақтаныңдар. Асқазанына харам ас түскен адамның дұғасы қырық күнге дейін қабыл болмайды» деген.

Қалай десек те, жүрек тазалығына қол жеткізу үшін міндетті түрде харамнан бойды аулақ салып, халал нәрселерді қанағат тұтқан жөн. Халқымыздың ары таза, рухани дүниесі бай болсын десек, ең бірінші мемлекет жұртшылықты халал, таза аспен қамтамасыз етуі қажет. Егер ішіп-жейтінімізге аса мән бермейтін болсақ, харамға бой алдырсақ, онда рухани өміріміз де құлдырап, қожырай түседі. Онымен қоса, ұрпағымыз да азып-тозатын болады. Бұл жерде уақыт, заман өзгерді деп сылтау айтуға болмайды. Харамнан аулақ болуымыз – міндет. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Харам асты талғажау етіп өскен адам отқа түсуге лайықты» деген. Әрбір харам оны ішіп- жеген адамнан немесе оның бала-шағасының алдынан осы дүниеде болмаса да, арғы дүниеде міндетті түрде шығады.

Халал жүректі нұрландырып, жарқыратса, харам оны қатайтып, қарайтады. Ғибадаты кемшіліксіз, дұғасы қабыл болғанын, ұл-қызы­ ның ізгілерден болуын қалайтын кісі халалдың аясынан айнымауы керек.