АЧ: Отандасымыз садақ атудан жартылай финалға шықты

АЧ: Отандасымыз садақ атудан жартылай финалға шықты
Сурет: Оlympic.kz

Жерлестің қадамы жақсы

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, садақ атудан Христич Сергей  Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл күндері Бангладеште садақ ату спортынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

Қазақстан сапынан сынға түскен Христич Сергей жарыстың жартылай финалында бақ сынайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Ким Жонг Хо болмақ, 

Сондай-ақ, блоктық садақ бойынша жартылай финалдық бәсекелер 18 қараша күні өтеді.