Абайлаңыз, көктайғақ!

Абайлаңыз, көктайғақ!
ru.sputnik.kz

Құрметті алматылықтар!

Бүгін 9 ақпаннан бастап, 10 ақпанның таңына дейін Алматы қаласында қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 0...-2, түнде -4...-6. Тұман, жолдарда көктайғақ.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 204 құмшашқыш көліктердің кезекшілігі ұйымдастырылады. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 624 бірлік арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Мұз қатқан жағдайда жол бойында, тротуарларда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеді.

Жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, ара қашықтықты сақтауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс.

Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы