«Абайдың қара сөздері» киножоба ретінде көрерменге жол тартады

«Абайдың қара сөздері» киножоба ретінде көрерменге жол тартады
Сурет: Aimak.com.kz

«Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімі басталды

Президент телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» көркем киножобасын түсіруге кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент телерадиокешенінің баспасөз қызметі хабарлады. 15 бөлімнен тұратын жоба «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен жүзеге асады. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жүреді. «Телевизия жобасының әр сериясы толыққанды сюжетке құрылады.

Сюжеттерде бас кейіпкердің рөлін Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сияқты танымал қазақстандық актерлер сомдайды. 

Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаеваның айтуына қарағанда, телерадиокешен ұжымы бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен кірісіп отыр.

«Оның философия пайымдары мен даналығы уақыт өткен сайын өзекті бола түскен. Ойшылдың «Қара сөздері» қоғамның рухани-мәдени өміріне бағдар беріп тұр», - дейді Раушан Қажыбаева.

«Телерадиокешеннің жаңа жобасы Абай әлемін түсінуге, қазақ халқының ұлы ұлының бүкіл адамзатпен рухани-философиялық байланысын нығайтуға өз үлесін қосады», - деп жазады кешеннің баспасөз қызметі.