Абайдың кітаптары Бельгия Корольдік Кітапханасының қорына табысталды

Абайдың кітаптары Бельгия Корольдік Кітапханасының қорына табысталды
inform.kz

Абай күніне орай Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі Бельгиядағы ең ірі Корольдік кітапхананың қорына қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, ойшылы Абай Құнанбайұлының француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағын тапсырды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бельгия тарапына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен оның құндылықтары туралы ақпарат берілді. Абайдың құндылықтары бельгиялық әйгілі ақын Гидо Гезелльдің құндылықтарына ұқсас. Сонымен қатар, француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағы Брюссельдегі муниципалдық кітапханалар мен мектептерге сыйға берілді.

Бельгия Корольдік кітапханасы 1837 жылы құрылған және елдегі ең үлкен кітапхана. Кітапхананың 17-қабаттық қорында 6 млн. астам кітап бар.