Абайдың 46, 47-ші қара сөзін жасанды интеллект жазып шығады

Абайдың 46, 47-ші қара сөзін жасанды интеллект жазып шығады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Жасанды интеллект жайында түрлі пікірлер бар. Бірі өте қауіпті десе, бірі тиімді пайдалансақ пайдалы тұстары жоқ емес дейді. Дегенмен уақыт керуені алға жылжыған сайын мұны игеруімізге тура келеді. Себебі жасанды интеллект дамуымен баршамызды таңқалдырып келеді. Осы орайда IT маманы, журналист Мейіржан Әуелханұлына жасанды интеллекттің мүмкіндігі қандай деген сауал қойдық. Ол Абайдың қара сөзін әрі қарай жалғастыра алады деген пікір білдірді.


«Абайдың 45 қара сөзі бар. 46, 47-ші қара сөзін жасанды интеллект жаза алады деген пікірді айтқан болатынмын. Желтоқсанның басында үлкен медиафорумда айттық. Себебі жасанды интеллект ол машиналы оқыту технологиясына негізделген. Машиналық оқытуды білесіздер. Осы уақытқа дейінгі жасанды интеллекттің жазған мақаласы, сценарийі, кітабы барлығы бізге дейінгі жазылған  мыңдаған, жүз мыңдаған шығармалардың негізінде жазылды. Тура сол сияқты машиналық оқытуға біз Абайдың 45 қара сөзінің концепциясын түгел енгізсек, онда тура Абайдың жазу мәнерінде 46, 47-ші қара сөзін жазып шығады», деді Мейіржан Әуелханұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55