Абай Құнанбайұлының көне кітабы жаңартылды

Абай Құнанбайұлының көне кітабы жаңартылды
Сурет: Іnform.kz

120 беттен тұратын кітапта бас ақынның 100-ден аса өлеңі бар.

Абай Құнанбайұлының өлеңдері жинақталған көне кітап қайтадан басылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

1909 жылы Әлихан Бөкейханның қолдауымен Санкт-Петербургтегі баспадан шыққан еңбекті «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» мамандары реставрациядан өткізген.

Құнды дүниені орталық өкілдері бүгін Семейдегі Абай қорық-музейінің басшылығына табыстады.

120 беттен тұратын кітапта бас ақынның 100-ден аса өлеңі бар.