Алматыда тарихи қос қойылым қойылады

ҚазҰОБТ «Абай» және «Евгений Онегин» спектаклдерінің жаңа нұсқаларын ұсынады

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының үлкен сахнасында осы аптада екі тарихи қойылым қойылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

14 сәуірде көрермендер қауымы Петр Ильич Чайковскийдің ең әйгілі де маңызды операларының бірі - «Евгений Онегин» спектаклін асыға күтуде. Ұлы ақын А.С. Пушкиннің осындай атаумен өлеңмен жазылған романына негізделген үздік жауһар туынды 140 жылдан астам уақыт ішінде өзінің жоғары репертуарлық рейтингісін сақтап келеді. Ал Абай атындағы ҚазҰОБТ театрының сахнасында алғаш қойылған қойылымнан кейін, 90 жылға жуық уақыт өткенде, Алматы жұртшылығына осы өлмес классиканың жаңа нұсқасы ұсынылады.

Бұл қойылымды жасауда халықаралық кәсіби мамандар тобы жұмыс істеді. Олар - режиссер Ирина Лычагина (Мәскеу), қоюшы-суретші Карина Автандилова, жарықтандыру бойынша суретші Кевин Вин-Джонс (Швеция) және латвиялық бейнесуретші Инета Сипунова. Бұл операдағы жарық пен декорация, костюмдер мен бейнепроекция – мұның бәрі жаңаша естіледі, тек музыкасы ғана өзгеріссіз қалады. Оркестрді Абай атындағы ҚазҰОБТ дирижері Қанат Омаров басқарады.

«Опера қойылымдарының көрермендері әдетте екі санатқа бөлінеді - әдемі тарихи киім киіп, концерт тыңдағысы келетіндер жағы және ерекше, жаңа құбылысты күтетіндер. Музыка тыңдап, қойылымнан ләззат алғысы келетін қарапайым адамдар да бар. Біз аудиторияның осы бөлігіне назар аударып, қанша уақыт өтсе де, адамдардың сезімі сол күйінде қалатыны туралы қарапайым ойды жеткізгіміз келді. Орындаушылардың осы музыка мен мәтінге өзіндік көзқарасын білдіруі маңызды болды. «Евгений Онегин» операсының кейіпкерлері өте жас және қызуқанды адамдар. Олардың да мінездері сіз бен біздер секілді.  Кейіпкерлер арқылы әркім өзін көріп, тани алады. Жылдар өтіп, көрермендердің қабылдау жылдамдығы өзгеріске ұшырауда, ал біз бұл өзгерістерге бейімделуіміз керек», - деп бөлісті Ирина Лычагина.

«Абай» операсы – екі жастың Айдар мен Ажардың романтикалық және мүмкін емес махаббат оқиғасы туралы, консерватизм мен реформашылдық арасындағы мәңгілік күрес бейнесі. Оның призмасы арқылы адамдардың жарық пен қараңғы жақтары суреттелген. Абай мен оның шәкірті Айдар операда қоғамның ескірген заңдарына қарсы шығады. Қос композитор Л.Хамиди мен А.Жұбановтың әсем әуендері кейіпкерлердің түрлі жан толғаныстары мен сезімдері арқылы махаббатқа, уайымға, қуанышқа, махаббаттан айырылу күйінішіне толықтай енуге мүмкіндік береді. 1944 жылы оның алғашқы қойылымы қойылып, Қазақстан мәдениетінің жылнамасында қазақ халқы үшін жаңа парағын ашты. Мұхтар Әуезов либреттосына жазылған «Абай» операсы қазақ халқының төл мәдениеті – салт-дәстүрлері мен негіздерін, ескірген қағидаларға қарсылығын, халықтың дамуы үшін жаңа озық ойларға ұмтылысын көрсететін драмалық қақтығыс әлемін суреттейді.

«Абай» операсы – қазақтың ұлттық опера өнерінің дамуындағы маңызды кезең. Онда Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың төл әуендерін қолданып, оларды бір қилы музыкасымен синтездеп, қазақ опера классикасының қалыптасуына негіз болды.

16 сәуірде Абай атындағы ҚазҰОБТ өз көрерменін өткен тарихты қайта қарауға шақырады. Бір жағынан, бұл қызықты музыкалық жыра ағыны болса, екінші жағынан, алғашқы опералық плакаттар мен қойылымдардың костюмдерін ұсынатын театр мұражайының сирек кездесетін бағалы жері. Басты партияларды кезінде аты аңызға айналған Ермек Серкебаев орындаған еді.