Абай облысында «Еңлік – Кебек» ескерткіші ашылады

Абай облысында «Еңлік – Кебек» ескерткіші ашылады
Сурет: Google.com

Бұл шара Әуезовтің 125 жылдығына орайластырылған.

Абай облысында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Еңлік – Кебек» ескерткіші ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қыркүйекте заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толады. Қазақ қара сөзінің хас шеберінің құрметіне Абай облысында бірқатар шара өткізіледі деп жоспарлануда. Соның бірі – Абай ауданындағы «Еңлік – Кебек» ескерткішінің ашылуы.

«Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес, Абай ауданының аумағында орналасқан «Еңлік – Кебек» кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айының аяғында басталды. Сонымен қатар қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылады. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.