Абай мен Саин көшесінің қиылысындағы жолайрықта көлік қозғалысы шектеледі

Абай мен Саин көшесінің қиылысындағы жолайрықта көлік қозғалысы шектеледі
Cурет: Ашық дереккөз

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 мамыр күнгі сағат 22:00 мен 20 мамыр күнгі сағат 06:00 аралығында Абай мен Саин көшесінің қиылысындағы жолайрықтың батыс бөлігінде оңтүстік бағытта көлік жүрісі уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәл осы жолайрықтың шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жол жүру 20 мамыр күнгі сағ.22:00 мен 21 мамыр күнгі сағ.06:00 аралығында шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.