Абай Құнанбайұлына Грузияда ескерткіш қойылды

Абай Құнанбайұлына Грузияда ескерткіш қойылды
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Алғаш рет грузин тілінде ақынның өлеңдер жинағы жарық көрді.

Грузияның астанасында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай ескерткіші ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл шара Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу мерейтойы аясында жүзеге асты.

Салтанатты іс-шара осы күндері Тбилисиде өтіп жатқан Қазақстан-Грузия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы шеңберінде ұйымдастырылды.

Ескерткіштің ашылуына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Грузияның Экономика және тұрақты даму Вице-министрі Геннадий Арвеладзе, Қазақстан Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов, Тбилиси қаласы мэриясының, сондай-ақ екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, БАҚ, бизнес өкілдері мен мәдениет қайраткерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Елші Б. Мұхаметжанов 2021 жылы Қазақстанда және халықаралық деңгейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы атап өтілгенін атап өтті. Сол жылы Тбилиси көшелерінің біріне Абай есімі берілді және де алғаш рет грузин тілінде оның өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ескерткіш Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігінің, Батуми мұнай терминалы, «Rompetrol Georgia», «Halyk Bank Georgia», «Capital Group» компаниялары мен Атлас қонақ үйінің қаржылық қолдауларымен орнатылды.