Абай феноменіне қатысты екі зерттеу кітабы жарық көрді

Абай феноменіне қатысты екі зерттеу кітабы жарық көрді
Сурет: Inform.kz

Абай феноменіне қатысты бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

Филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жаңа кітаптар Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» тақырыбында халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстелде таныстырылды. Жиынды жоғарғы оқу орнының Түркітану кафедрасы ұйымдастырды.

Жиын барысында түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ш. Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті. Жиын соңында университет ректоры Ерлан Сыдықов мерейтой иесін «Күлтегін» медалімен марапаттады.