Абай даңғылының бойында қоғамдық көліктерге арналған жолақ белгіленеді

Абай даңғылының бойында қоғамдық көліктерге арналған жолақ белгіленеді
Сурет: Tengrinews.kz

Момышұлы көшесінен бастап Абай даңғылының аяғына дейін.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар былтыр пайдалануға берілген Абай даңғылының аяқ жағындағы кептеліс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тұрғын сұрағы:

– Абай даңғылының бойында Момышұлы мен Әшімов көшелерінің арасында тым болмаса таңғы уақытта қоғамдық көлікке басымдық беру жолын қарастыруға бола ма?

Бұл сұраққа жауап берген Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев:

«Абай даңғылының бойымен Момышұлына дейінгі жүретін автобустар үшін жолақ бар, бірақ жаңа учаскеде жолақ белгіленбеген. Басымдылық беру үшін арнайы жолақ жасау қажет», - деді.

Өз тарапынан бұл сұрақтың жауабын толықтырған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев: «Шығыс және батыс бағытта автобустарға арналған жолақ жасау үшін шара қабылдауымыз қажет», - деді.